Жеңімпаздар

ӘЛИНҰР ХАМЗИН

11 жаста, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ.

Әлинұр жастайынан ән айта бастады. Бүгінде Әлинұр Орал қаласындағы №27 мектеп-лицейінде оқиды, вокал, робототехника және шахматпен айналысады, фортепианода ойнайды.

Шетелдік эстрадалық әндерді ұнатады. Сүйікті орындаушылар: Бейонсе, Уитни Хьюстон, Алисия Кейс, Майкл Джексон. Қазақ музыкасында оның кумирі – Димаш Құдайберген. Оны тірідей көріп қана қоймай, жеке кездесіп, әңгімелесу сәті де бұйырды. Ол да Димаш сияқты өзін музыкаға арнағысы келеді және танымал әнші болуды армандайды.

«Бала дауысы – 2018» байқауының финалисі, «Славян базары – 2021» Ұлттық іріктеуінің финалисі, «Бақытты бала – 2021» дипломанты.

БЕКНҰР ЖӘНІБЕКҰЛЫ

9 жаста, Страсбург (Франция), Қазақстан Республикасының азаматы.

Бекнұр музыканы, ән айтуды, достасуды жақсы көреді. Әрқашан «үздіктер» қатарынан болуға тырысады. Ол өте жақсы оқушы, география, математика және бейнелеу сабақтарын жақсы көреді. Дербес әрі өз ісіне ұқыпты: барлық сабақтарды өзі жасайды. Ол пойыздар мен ұшақтарды жақсы көреді. Мықты және қайсар, өз дегеніне жетпей қоймайды, кері қайтуды ұнатпайды.

Оның ұраны: «Мүмкін емес ештеңе жоқ!». Өзін басқалармен бірге тең дәрежеде сезінеді. Көбінесе адамдарды өзіне деген сенімділігімен таң қалдырады.

Бекнұрдың арманы – келесі жолы адамдардың «Қара, кішкентай балақай» емес, «Мынау Junior Eurovision-дегі бала ғой!» деген сөздерін есту.

Ол Страсбург қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен концертте өнер көрсетті.


Junior Eurovision Song Contest 2021

2021 жылы 19 желтоқсанда Франция астанасы Парижде «La Seine Musicale» музыкалық кешенінде 19-шы Junior Eurovision Song Contest халықаралық ән байқауы өтеді.

Қазақстан бұл жолы музыкалық сайысқа төртінші рет қатысады.

2020 жылы пандемияға байланысты «Junior Eurovision» байқауы қашықтан өтті. Қатысушылардың қойылымдары бейнежазба күйінде ұсынылды. Байқауға Қазақстан атынан Қарақат Башанова қатысты. Қазылар алқасы мен көрерменнің дауыс беруі нәтижесінде ол 13 өнерпаздың арасынан 2-орын иеленді.

Еліміздің ән байқауына қатысуы «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болуымен тығыз байланысты.

 

Ұлттық іріктеу

Қатысу шарттары

1

Ұлттық іріктеуге Халықаралық балалар ән байқауын өткізу күнін қоса есептегенде, 9-14 жас аралығындағы бір орындаушы немесе бірнеше орындаушыдан тұратын (алты адамнан аспайтын) музыкалық ұжым қатыса алады.

2

Қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы болуы немесе ел аумағында заңды негізде кемінде екі жыл тұруы тиіс.

3

Қатысушы сауалнаманы толтырып, «Хабар» Агенттігінің ресми сайтында еркін орындауындағы бейнені жүктеуі қажет (www.Khabar.kz).


Қатысу шарттарымен толығырақ келесі сілтеме арқылы таныса аласыз:

 
 

«Junior Eurovision-2021» халықаралық ән байқауының ұлттық іріктеу кезеңіндегі

Қазылар алқасы 

Динара Бисембина
«Хабар» телеарнасының директоры.

Хамит Шанғалиев

композитор, ән өңдеуші, «Junior Eurovision» байқауында екі бірдей орынға ие болған әндердің авторы, 2021 жылғы «Қазақстан дауысы» жобасының музыкалық продюсері.

Мәдина Сәдуақасова
қазақстандық поп-әнші, «Жас қанат» (1999 ж.) жастар байқауының жеңімпазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Бексұлтан Кенішқалиев
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Паланга-2019» халықаралық байқауының жеңімпазы, «Славянский базар-2020» халықаралық байқауының 3-орын иегері.

Қанат Айтбаев
әнші, DimashAli продюсерлік орталығының директоры, жыл сайынғы «Бақытты бала» фестивалінің ұйымдастырушысы.

Ерлан Бекчурин
продюсер, ән өңдеуші, композитор, Димаш Құдайбергеннің саунд-продюсері және ән өңдеушісі.

Қарлығаш Әбдікәрімова
ҚР Мәдениет қайраткері, «Бозторғай», «Шаттық» халықаралық байқаулардың директоры, Халықаралық байқаулар мен фестивальдер қауымдастығының мүшесі, «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің Қазақстандағы ресми өкілі.

 

Жаңалықтар

 Feed not found

Өткен Junior Eurovision байқауында Қазақстанды таныстырған ресми өкілдер

2018 жылы Junior Eurovision Song Contest халықаралық байқауында Данэлия Тулешова «Өзіңе сен» әнімен 6-орыннан көрінген еді. 2019 жылы Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнін орындап, 2-орын, ал қазылардың шешімімен 1-орын иеленді. Ал 2020 жылы Қарақат Башанова «Forever» әнімен 2-орынға тұрақтады..

Башанова Қарақат

12 жаста, Алматы облысы, Талғар қаласы, Рысқұлов кенті.

Қарақат бес жасынан бастап вокалмен айналыса бастаған, бірақ тек тоғыз жасында арнайы курстарға жазылды. Бір жылдан кейін уақыт тығыздығына байланысты вокалды тастауға тура келді. Бірақ ол берілмей, YouTube платформасында бар түрлі видео бойынша өзін әрі қарай шыңдай түсті.

Қазір Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепте оқиды. Ол «Аңызфильм» мен «Балапан» телеарнасы бірігіп түсірген «Ақ құс» телехикаясының саундтрегін орындады. «Голос детей 2018» республикалық балалар байқауының финалисі, ІІ ашық «Бақытты бала 2019» балалар вокалдық фестивалінде 3-орын алды.

Junior Eurovision – 2020 байқауында телекөрермен және қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша Қарақат Башанова 152 ұпай жинады. Гранд-финалда ол «Forever» әнін орындады. Қарақат бұл әнін 6 жыл бұрын өмірден озған әкесіне арнады.

Ержан Максим

2017 жылы Ержан Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық байқауында екінші орын алды. Сондай-ақ Италияда өткен «San Remo junior» байқауына қатысып, симфониялық оркестрмен ән айтып, байқаудың финалисті атанды.

Ержан 2019 жылдың ақпан айында «Голос. Дети» шоуына қатысып, белгілі ресейлік әнші Валерий Меладзенің жетекшілігімен суперфиналда 2-орынды иеленді, бұл жас орындаушының мансабы үшін жақсы трамплин болды.

2019 жылы Junior Eurovision халықаралық музыкалық байқауында «Арманыңнан қалма» әнімен Қазақстан атынан өнер көрсетті. Кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Ержан 227 ұпай жинап, қатысқан 19 елдің орындаушылары арасында 2-орынға тұрақтады. Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша Ержан Грузия, Польша, Украина мен Нидерланд сияқты елдерден жоғары балл жинап, көш бастады.

Данэлия Тулешова

Данэлия Тулешова – қазақстандық әнші. Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында жеңіске жетті. Данэлия Тулешова Украинаның «Голос. Діти» шоуының (төртінші маусымының) жеңімпазы болды, «Балалардың жаңа толқыны-2015» байқауында көрермендер көзайымы сыйлығын иеленді. Сондай-ақ «BraVo» премиясының ең жас лауреаты атанды.

Ұлттық іріктеуде жеңіске жеткен Данэлия «Өзіңе сен» әнімен 2018 жылғы балалар байқауында Қазақстанды таныстырды. Ол 171 балл жинап, 20 қатысушы ел арасында 6-орынға ие болды. Сонымен қатар онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша 3-орында болды, онда Данэлияға Ресей, Әзербайжан, Македония, Беларусь және Грузия елдері ең көп дауыс берген болатын.

«Stone Cold» әнін орындағаннан кейін ерекше танымалдылыққа ие болды. Бұл видео YouTube желісінде 50 млн-нан астам қаралым жинады.

Париж 2021

Junior Eurovision Song Contest — жыл сайын ұйымдастырылатын балаларға арналған дәстүрлі телевизиялық ән байқауы. Оған Еуропалық хабар тарату Одағына мүше елдердің өкілдері қатысады. Балаларға арналған бұл байқау Eurovision Song Contest конкурсына ұқсас. Атауларының бір-біріне үйлесімді болғандығы сондықтан.

2021 жылы 19 желтоқсанда Франция астанасы Парижде «La Seine Musicale» музыкалық кешенінде 19-шы Junior Eurovision Song Contest халықаралық ән байқауы өтеді.

Қазақстан бұл жолы музыкалық сайысқа төртінші рет қатысады.

2020 жылы пандемияға байланысты «Junior Eurovision» байқауы қашықтан өтті. Қатысушылардың қойылымдары бейнежазба күйінде ұсынылды. Байқауға Қазақстан атынан Қарақат Башанова қатысты. Қазылар алқасы мен көрерменнің дауыс беруі нәтижесінде ол 13 өнерпаздың арасынан 2-орын иеленді.

Еліміздің ән байқауына қатысуы «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болуымен тығыз байланысты.

Халықаралық байқаудың ресми сайты – junioreurovision.tv.


Байқау тарихы бойынша қысқаша дерек
Жылы Өткен жері Жеңімпаз мемлекет Әртіс және әні
2020 Варшава
Польша
Франция Валентина Тронель
«J’imagine»
2019 Гливице
Польша
Польша Виктория Габор
Superhero
2018 Минск
Беларусь
Польша Роксана Вегель
Anyone I Want To Be
2017 Тбилиси
Грузия
Ресей Полина Богусевич
Крылья
2016 Валлетта
Мальта
Грузия Мариам Мамадашвили
Mzeo (Солнце)
2015 София
Болгария
Мальта Дестини Чукуньере
Not My Soul
2014 Марса
Мальта
Италия Винченцо Кантьелло
Tu primo grande amore
2013 Киев
Украина
Мальта Гайя Кауки
The Start
2012 Амстердам
Нидерланд
Украина Анастасия Петрик
Небо
2011 Ереван
Армения
Грузия Candy
Candy Music
2010 Минск
Беларусь
Армения Владимир Арзуманян
Mama
2009 Киев
Украина
Нидерланд Ральф Макенбах
Click Clack
2008 Лимасол
Кипр
Грузия Bzikebi
Bzzzz…
2007 Роттердам
Нидерланд
Беларусь Алексей Жигалкович
С друзьями
2006 Бухарест
Румыния
Ресей Сёстры Толмачёвы
Весенний джаз
2005 Хасселт
Бельгия
Беларусь Ксения Ситник
Мы вместе
2004 Лиллехаммер
Норвегия
Испания Мария Исабель
Antes muerta que sencilla
2003 Копенгаген
Дания
Хорватия Дино Елушич
Ti Si Moja Prva Ljubav