«Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауы

«Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауы алғаш рет 2003 жылы Копенгагенде (Дания) 16 елдің қатысушысы арасында өтті. Телекөрермендер мен қазылар алқасының жеңімпазды бірлесіп анықтауы 2008 жылдан бастап мүмкін бола бастады. Оған дейін көрермендер трансляция кезінде дауыс беретін. 2007 және 2008 жылдардың байқауларында теледауыс беруден түскен пайда «UNICEF» көмек қорына берілген болатын. Әр жылдары Бельгия, Румыния, Нидерланды, Кипр, Украина және т.б. елдер ұйымдастырушылар болды. Ал Ресей, Грузия, Беларусь және Мальта екі рет жеңіске жетті. 2017 жылғы Тбилисиде өткен байқауда «Wings» әнімен ресейлік 14 жастағы Полина Богусевич жеңімпаз атанды.

2018 жылы Минск қаласында өткен «Junior Eurovision» халықаралық балалар ән байқауында тұңғыш рет Қазақстанның атынан 12 жасар Данэлия Тулешова ел намысын қорғады.

Айта кетейік, «Junior Eurovision 2018» жеңімпазы – Польша елінен келген жас өнерпаз Роксана Венгель.

Аталмыш байқау биыл да жалғасын таппақ. 24 қараша күні Польшада өтетін ән сайысына Қазақстанның атынан Ержан Максим қатысады.

«Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауы туралы толық ақпаратты ресми сайттан біле аласыздар.

Қазақстан аумағында байқауды тек «Хабар» телеарнасы көрсетеді. «Хабар» Агенттігі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі болып табылады, осы мүшелік аталған байқауға қатысу үшін елден үміткер ұсынуға ықпал етті.

Жаңалықтар