Қатысу ережесі

«Eurovision 2018» балалар ән байқауының Ұлттық іріктеу кезеңі туралы Ереже

 

     Осы «Eurovision 2018» балалар ән байқауының Ұлттық іріктеу кезеңі туралы Ереже (бұдан әрі Ұлттық іріктеу) «Junior Eurovision Song Contest 2018» балалардың ән байқауының Халықаралық сайысы Ережелерінің негізінде әзірленген және балалардың ән байқауына Ұлттық іріктеуді жүргізудің тәртібін реттейді.

 

  1. Жалпы ережелер

 

     1.1. Ұлттық іріктеу мәдени шара болып табылады. Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында 25 қарашада өтетін «Eurovision 2018» балалар ән байқауында (Junior Eurovision Song Contest 2018) (бұдан әрі Байқау) Қазақстан Республикасының намысын қорғау үшін орындаушы мен әнді іріктеу мақсатында жүргізіледі.

     1.2. Қазақстан Республикасында Ұлттық іріктеудің ұйымдастырушысы Еуропалық Хабарламалық Одағының (ЕХО) қауымдасқан мүшесі болып табылатын «Хабар» Агенттігі» (бұдан әрі Ұйымдастырушы) болып табылады.

     1.3. Ұлттық іріктеу туралы ақпарат www.khabar.kz ресми сайтында орналастырылады (бұдан әрі Сайт).

     1.4. Ұлттық іріктеуді өткізуге байланысты кез келген сұрақтарды Ұйымдастырушы қарастырады.

     1.5. Ұлттық іріктеуге қатысуымен байланысты шығындарын (әнді жазу, жолы, тұратын орны, тамақтану) қатысушылардың заңды өкілдері өздері төлейді.

 

  1. Ұлттық іріктеуді өткізудің тәртібі мен мерзімі

 

     2.1. Ұлттық іріктеу үш кезеңге бөлініп өткізіледі:

     2.1.1. Бірінші кезең: 2018 жылдың 1 – 31 тамызы – Ұйымдастырушы Сайтында өтінімдерді қабылдау. 

     2.1.2. Екінші кезең: 2018 жылдың 7 қыркүйегіне дейін Әділқазы алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша Ұлттық іріктеудің финалға қатысушылары анықталады. 

     2.1.3. Үшінші кезең: 2018 жылдың қыркүйек айының үшінші онкүндігі – финал – «Хабар» телеарнасында тікелей эфирдегі гала-концерт.

 

  1. Ұлттық іріктеуге қатысушыларға қойылатып талаптар

 

     3.1. Ұлттық іріктеуге қатысуға 2018 жылдың 25 қарашасында Минск қаласында Халықаралық балалар ән байқауын өткізу күнін қоса есептегенде, 9-14 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.

     3.2. Ұлттық іріктеуге жалғыз орындаушы, алты адамнан аспайтын орындаушылар ұжымы қатыса алады, яғни сахнада алты адамнан көп өнер көрсетпеуі керек.

 

  1. Ұлттық іріктеу әндеріне қойылатын талаптар

 

     4.1. Әннің максималды ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс. Әннің музыкалық пішімі – ұлттық колорит элементтерін қамтыған қазіргі заманға сай еуропалық танымал музыка.

     4.2. Ән жаңа болуы тиіс және коммерциялық тұрғыдан бұдан бұрын ешқайда жарияланбаған болуы тиіс.

     4.3. Әннің мәтіні қазақ тілінде жазылуы керек. Ағылшын мәтінін қосуға болады (барлық мәтіннің 40% пайызынан аспауы тиіс).

     4.4. Қатысушы әннің мәтіні мен музыкасының жалғыз авторы немесе бірлескен авторы болуы керек. Бірлескен автор болған кезде, егер бірлескен автор 9-дан 14 жасқа дейінгі бала болатын болса, екінші орындаушы немесе биші немесе музыкант ретінде сахнаға шығуы керек.

     4.5. Егер қатысушы әннің (музыкасы мен мәтіні), әннің аранжировкасы және әннің фонограммасының құқық иегері болып табылмаса, ол автор немесе құқық иегері жасаған авторлық шартын ұсынуы тиіс.

     4.6. Әнге (музыка және мәтіні) және аранжировкасына мүліктік құқықтарды Байқау мен республикалық іріктеу шеңберінде ғана пайдалануды ескере отырып, қатысушының заңды өкілі алуы тиіс.

     4.7. Қатысушы әнді «жанды дауыста» айтуы керек, дауысқа фонограмма қолдануға тыйым салынады.

     4.8. «Минусовка» фонограммасын қолдануға рұқсат беріледі, яғни аккомпанементін жазу, сондай-ақ жазылған бэк-вокалды қолдануға рұқсат етіледі.

 

  1. Ұлттық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді беру тәртібі

 

     5.1. Ұлттық іріктеуге қатысу үшін 2018 жылдың 01 тамызынан 31 тамызына дейін қатысушының заңды өкілі Ұйымдастырушының Сайтына өтінім береді, ол мынаны қосады:

     1) Осы Ережеге 1 және 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу үшін сауалнама;

     2) Қатысушының туу туралы куәлігінің сканирленген көшірмесін;

     3) Әрқайсысы 100 кБ аспайтын, jpeg форматында қатысушының 2 (екі) суретін;

     4) Осы Ережеге 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысуға ата-аналарының/қамқоршыларының рұқсаты;

     5) Ережеге 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша әннің авторлығы (түпнұсқалы авторлық әнмен қатысқан жағдайда) туралы өтініш;

     6) mp3 форматында түпнұсқалық авторлық ән 2 мб-тан аспауы керек.

     5.2. Орындаушылардың ұжымы қатысқан кезде осы Ереженің 5.1 тармағында қарастырылған талаптарды сақтай отырып, ұжымдық өтінім беріледі. Бұл ретте Ереженің 5.1 тармағы 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған құжаттар әрбір қатысушыға беріледі.

     5.3. Берілген өтінімдер осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтінімдер қайтарылады және Ұлттық іріктеуге қабылданбайды.

 

  1. Әділқазы алқасы

 

     6.1. Ұлттық іріктеуді өткізу үшін Ұйымдастырушы кәсіби Әділқазы алқасын сайлайды, оның құрамына кәсіби музыканттар, продюсерлер, композиторлар, Ұйымдастырушының өкілдері кіреді (бұдан әрі – Әділқазы алқасы).

     6.2. Әділқазы алқасының құрамы Ұйымдастырушының сайтында жарияланады.

     6.3. Әділқазы алқасының жұмысы барлық оның мүшелерінің теңдігі негізінде құрылады.

     6.4. Әділқазы алқасы 2018 жылдың 07 қыркүйегіне дейінгі мерзімде Ұйымдастырушының Сайтына берілген Ұлттық іріктеу қатысушыларының өтінімдерін қарастырады және өтінімдері Ұлттық іріктеу кезеңінің финалына қатысу үшін осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін қатысушыларға шақыру жібереді.

     6.6. Финалға қатысу үшін іріктелген орындаушылардың тізімі Ұйымдастырушының Сайтына жарияланады.

 

 

     Осы ереженің 7-бөлімі 2018 жылғы 3 қыркүйекте өзгертілді.

 

  1. Ұлттық іріктеудің финалы - Гала концерт

 

     7.1. Финал үшін іріктелген орындаушылардың қатысуымен Гала концерттің көрсетілімі «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

     7.2. Гала концерттің қатысушыларының сахнаға шығу реті жеребе тастау жолымен анықталады.

     7.3. Ұлттық іріктеудің жеңімпазы көрермендердің және Әділқазы алқасының дауыстарын жиынтықтау қорытындылары бойынша анықталады.

     7.4. Көрермендердің дауыс беруі телефонмен дауыс беру және/немесе sms/хабарламалар жолымен жүзеге асырылады. Ұйымдастырушы көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша балдарды есептеуді әрбір қатысушыға қатысты көрермендердің дауыстары және/немесе sms/хабарламалардың жиынтығын есептеу арқылы жүзеге асырады. 

     7.5. Әділқазы алқасының дауыс беруі финалдың әр қатысушысына балл беру жолымен жүзеге асырылады. Әділқазы алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша балдарды есептеу Ұлттық іріктеу финалының әр орындаушысына қойылған балдарды жиынтықтау жолымен жүзеге асырылады.  

     7.6. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаға Гала концертке қатысатын Әділқазы алқасының мүшелері қол қояды.

     7.7. Көрермендер мен Әділқазы алқасының дауыс беруі қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған Гала концерт финалының қатысушысы Ұлттық іріктеу жеңімпазы болып жарияланады.

     7.8. Егер финалдың екі және одан көп қатысушысы Көрермендер мен Әділқазы алқасының дауыс беруі қорытындылары бойынша тең балл жинаған жағдайда, жеңімпазды Әділқазы алқасы анықтайды. Сонымен қатар, Әділқазы алқасы төрағасының даусы шешуші болып табылады. 

      7.8.-1. Заңды өкілдердің жазбаша келісімімен немесе финалға қатысу үшін Әділқазы алқасы іріктеген қатысушылардың заңды өкілдерімен, Ұйымдастырушы қатысушының немесе оның заңды өкілінің Ұйымдастырушыға беретін әнді, оның әрлеуін, фонограмманы пайдалануға құқықтар көлемі, сондай-ақ оны Ұлттық іріктеуге қатысумен байланысты құрылатын дыбыс-бейне туындыларда пайдалану көзделетін Ұлттық іріктеу финалына қатысуға шарттар жасасады.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

     8.1. Ұлттық іріктеудің жеңімпазы «Eurovision 2018» Халықаралық балалар ән байқауына Қазақстан Республикасының намысын қорғау құқығына ие болады (Junior Eurovision Song Contest 2018).

     8.2. «Eurovision 2018» Халықаралық балалар ән байқауына қатысуға дайындық кезінде Ұйымдастырушы осы байқауға қатысу туралы Республикалық іріктеу жеңімпазының заңды өкілімен келісімшартқа отырады, онда байқауға қатысу үшін жеңімпазды дайындаудың тәртібі белгіленеді.

     8.3. Әділқазы алқасы мен Ұйымдастырушы Ұлттық іріктеудің кез келген кезеңінде қатысушы немесе оның заңды өкілі осы Ереженің талаптарын бұзған жағдайда Ұлттық іріктеуге қатысудан қатысушыны алып тастау туралы шешім қабылдай алады

     8.4. Осы Ережеде қарастырылмаған барлық сұрақтарды Ұйымдастырушы шешеді.

 

Ата-ананың / қамқоршысының рұқсаты туралы өтінім үлгісін жүктеп алу Әннің авторлығы туралы өтінім үлгісін жүктеп алу