ЖЕҢІМПАЗ

Данэлия Тулешова

«Junior Eurovision 2018» байқауына Қазақстан атынан қатысады

Финалисттер

Ержан Максим

X

Ержан Максим

Орал қаласы

«Бегущая по волнам» (Мәскеу, гран-при), «Шырқа дауысым», «Самға жұлдыз» байқауларының бас жүлдегері, «Золотой микрофон» (1 орын), «Бозторғай» (бас жүлде), «DOLPHIN FEST» (Грузия, бас жүлде), «RIGA SYMPHONY» (Прибалтика, 2 алтын, 1 күміс жүлдегері ), «SANREMO JUNIOR» ( Италия, 1 орын) «Славян базары» (Беларусь, 2 орын), «На крыльях музыки» ( Ресей, 1 орын), «Бақытты бала 2017» (Ақтөбе, бас жүлде)

Зере Əмірбекова

X

Зере Əмірбекова

Алматы қаласы

«Средиземное Море 2018» (Израиль, 3 орын), «Bala Turkvizyon»

Мейіржан Жидебай

X

Мейіржан Жидебай

Ақтөбе қаласы

Республикалық «Ақ көгершін» (3 орын), «Ұлы дала дарыны» (бас жүлде), «Алаш үміті» (бас жулде), «Бақытты бала» (1 орын)

Мария Затварницкая

X

Мария Затварницкая

Павлодар қаласы

«Melos» ( Италия, 1 орын), «Аялаган Астана» (финалист), «Бала Дауысы» (жоба жеңімпазы), «Eurovizion junior 2017», «Burabay Summer Fest 2018» қатысушысы, «Baqqytti bala 2018» (1 орын)

Жанеля Қалдыбек

X

Жанеля Қалдыбек

Астана қаласы

«Голос. Дети-6» (Ресей), «Музыка весны» (Астана, 2 орын), «NEW STAR» ( Астана, 1 орын), «Болгария трикси» (Болгария, 1 орын), «Звездный Час» (Астана, 1 орын), «Детское караоке с Линой Арифулиной» (Астана), «Балапан жұлдызы» (Алматы), «Волшебные Звуки» (Астана, 1 орын), «Вокруг света» (Астана, 1 орын)

Динар Нәдірбекова

X

Динар Нәдірбекова

Семей қаласы

«Аялаған Астана 2018» (финалист), «Звезда Востока» (Семей, 2 орын), «Поющий Кеша», «Paradise Holiday» (Греция, 3 орын)

Асуат Санат

X

Асуат Санат

Атырау қаласы

«Звездички» (Македония, гран-при), 2017 жылы қаңтарда «Magie Saumur» (Франция, Бельгия) радиосында ротация, «Звездные дети 2018» (Ресей, жоба финалисті), «ALMALY.KZ 2018» (гран-при), «Baqytty bala» (2-орын)

Бинура Саудабай

X

Бинура Саудабай

Астана қаласы

«Бала Дауысы», «Kids Karaoke Cup 2018» (финалист), «Музыкальное созвездие» (1 орын), «Belly Dance 2017» (лауреат)

Данэлия Тулешова

X

Данэлия Тулешова

Алматы қаласы

«Аялаған Астана» (гран-при), «Детская Новая Волна» («Көрермен көзайымы» аталымының жеңімпазы), Голос.Дiти (жоба жеңімпазы)

Сүйкім Қабылбек

X

Сүйкім Қабылбек

Астана қаласы

«Абай оқулары 2018» (алтын медаль жүлдегері), «Звезды Евразии» (1 орын), «Ақ көгершін» (1 орын), «Мектеп дауысы» (гран-при)

«Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауы

«Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауы алғаш рет 2003 жылы Копенгагенде (Дания) 16 елдің қатысушысы арасында өтті. Телекөрермендер мен қазылар алқасының жеңімпазды бірлесіп анықтауы 2008 жылдан бастап мүмкін бола бастады. Оған дейін көрермендер трансляция кезінде дауыс беретін. 2007 және 2008 жылдардың байқауларында теледауыс беруден түскен пайда «UNICEF» көмек қорына берілген болатын. Әр жылдары Бельгия, Румыния, Нидерланды, Кипр, Украина және т.б. елдер ұйымдастырушылар болды. Ал Ресей, Грузия, Беларусь және Мальта екі рет жеңіске жетті. 2017 жылғы Тбилисиде өткен байқауда «Wings» әнімен ресейлік 14 жастағы Полина Богусевич жеңімпаз атанды.

Биыл байқауға 19 ел қатысады. Олардың қатарында Албания, Армения, Аустралия, Әзербайжан, Беларусь, Франция, Македония, Грузия, Ирландия, Израиль, Италия, Қазақстан, Мальта, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Нидерланды, Уэльс бар. Қазақстан мен Уэльс үшін биылғы қатысу дебютті болмақ.

Қазақстан аумағында байқауды тек «Хабар» телеарнасы көрсетеді. «Хабар» Агенттігі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі болып табылады, осы мүшелік аталған байқауға қатысу үшін елден үміткер ұсынуға ықпал етті.

Қатысу ережесі

1

Ұлттық іріктеуге 9-14 жас аралығындағы жалғыз орындаушы немесе алты адамнан аспайтын ұжым қатыса алады.

2

Ән жаңа болуы тиіс және 3 минуттан аспауы керек.

3

Әннің мәтіні қазақ тілінде жазылуы керек. Ағылшын тіліндегі мәтінді қамтуға болады (барлық мәтіннің 40% аспауы тиіс).



Қатысу ережелері туралы толық ақпаратты осы жерден табуға болады

ЕРЕЖЕ

Өтінімді қабылдау мерзімі

2018 жылдың 1 тамызы
басталуы
2018 жылдың 31 тамызы
аяқталуы

Балалар арасындағы «Junior Eurovision Song Contest»
ән байқауының ұлттық іріктеу кезеңіндегі әділқазылар құрамы

Алан Ғазизұлы Әжібаев
Қоғамның Басқарма Төрағасы, қазылар алқасының төрағасы;

Қайрат Нұртас
эстрадалық әнші, «Дарын» сыйлығының лауреаты, қазылар алқасының мүшесі;

Мейрамбек Бесбаев
әнші, қазылар алқасының мүшесі;

Ренат Гайсин
продюсер, композитор;

Димаш Құдайберген
әнші, қазылар алқасының мүшесі;

Ерке Есмахан
әнші, қазылар алқасының мүшесі;

Тамар Асар 
әнші, қазылар алқасының мүшесі;

Бағым Мұхитденова
продюсер, қазылар алқасының мүшесі;

Роза Рымбаева
Қазақ ССР еңбегі сіңген әртісі, Қазақстанның алтын дауысы, қазылар алқасының мүшесі;

Мәдина Сәдуақасова
әнші, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер, қазылар алқасының мүшесі;

Ләйлә Сұлтанқызы 
тележүргізуші, продюсер, қазылар алқасының мүшесі.

Жаңалықтар



Күнделіктер