Жеңімпаз

Башанова Қарақат
12 жаста, Алматы облысы, Талғар қаласы, Рысқұлов кенті.
Қарақат бес жасынан бастап вокалмен айналыса бастаған, бірақ тек тоғыз жасында арнайы курстарға жазылды. Бір жылдан кейін уақыт тығыздығына байланысты вокалды тастауға тура келді. Бірақ ол берілмей, YouTube платформасында бар түрлі видео бойынша өзін әрі қарай шыңдай түсті.
Қазір Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепте оқиды. Ол «Аңызфильм» мен «Балапан» телеарнасы бірігіп түсірген «Ақ құс» телехикаясының саундтрегін орындады. «Голос детей 2018» республикалық балалар байқауының финалисі, ІІ ашық «Бақытты бала 2019» балалар вокалдық фестивалінде 3-орын алды.
Junior Eurovision 2020 халықаралық ән байқауы Ұлттық іріктеуінің финалы
Junior Eurovision 2020. Ұлттық іріктеу. Финал. Нәтиже жариялау
Junior Eurovision Song Contest 2020
2020 жылдың 29 қараша күні Қазақстан Junior Eurovision Song Contest халықаралық ән байқауына үшінші рет қатысады. Бұл шешім Еуропалық хабар тарату одағы ұйымы басқарма комитетінің жасырын дауыс беруі нәтижесінде жарияланды.
Еліміздің аталмыш жобаға қатысуы «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болуымен тығыз байланысты. Биыл Мәдениет және спорт министрлігі де — бұл байқаудың серіктесі.
Junior Eurovision Song Contest халықаралық ән байқауына 9-14 жас аралығындағы әрбір өнерпаз қатыса алады. Алайда балалар арасындағы жобада Қазақстанды таныстыру мүмкіндігіне ие болу үшін алдымен Ұлттық іріктеуде жеңімпаз атану шарт.
Ұлттық іріктеу
Қатысу шарттары
1
Ұлттық іріктеуге Халықаралық балалар ән байқауын өткізу күнін қоса есептегенде, 9-14 жас аралығындағы бір орындаушы немесе бірнеше орындаушыдан тұратын (алты адамнан аспайтын) музыкалық ұжым қатыса алады.
2
Қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы болуы немесе ел аумағында заңды негізде кемінде екі жыл тұруы тиіс.
3
Қатысушы сауалнаманы толтырып, «Хабар» Агенттігінің ресми сайтында еркін орындауындағы бейнені жүктеуі қажет (www.Khabar.kz).
Қатысу шарттарымен толығырақ келесі сілтеме арқылы таныса аласыз:
«Eurovision 2020» халықаралық ән байқауының ұлттық іріктеу кезеңіндегі
Қазылар алқасы
ЖЕҢІС СЕЙДОЛЛАҰЛЫ
«Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры
ДИНАРА БИСЕМБИНА
«Хабар» телеарнасының директоры
БАҒЫМ МҰХИТДЕНОВА
ҚР ірі телевизиялық жобалары мен концерттерінің музыкалық продюсері
ҚАЙРАТ БАЕКЕНОВ
әнші, композитор
ЕРЛАН БЕКЧУРИН
Димаш Құдайбергеннің sound-продюсері
ЖАНАР ДҰҒАЛОВА
«Turkvision» халықаралық түркі әндері байқауының жеңімпазы (2014)
ӘMRE
«Славян базары» музыкалық фестивалінің жеңімпазы (2018)
DINAYA
Жас орындаушылардың халықаралық байқауының II орын иегері, «Жаңа толқын» (2015)
МӘДИ СЫЗДЫҚОВ
«Topjarǵan» музыкалық шоуының жеңімпазы
Жаңалықтар
Видео
Өткен Junior Eurovision байқауында Қазақстанды таныстырған ресми өкілдер
2018 жылы Junior Eurovision Song Contest халықаралық конкурсында Данелия Тулешова «Өзіңе сен» әнімен алтыншы орыннан көрінген еді. 2019 жылы Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнін орындап, екінші орынды, ал қазылардың шешімімен бірінші орынды иеленді.

Ержан Максим
2017 жылы Ержан Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық байқауында екінші орын алды. Сондай-ақ Италияда өткен «San Remo junior» байқауына қатысып, симфониялық оркестрмен ән айтып, байқаудың финалисті атанды.
Ержан 2019 жылдың ақпан айында «Голос. Дети» шоуына қатысып, белгілі ресейлік әнші Валерий Меладзенің жетекшілігімен суперфиналда 2-орынды иеленді, бұл жас орындаушының мансабы үшін жақсы трамплин болды.
2019 жылы Junior Eurovision халықаралық музыкалық байқауында «Арманыңнан қалма» әнімен Қазақстан атынан өнер көрсетті. Кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Ержан 227 ұпай жинап, қатысқан 19 елдің орындаушылары арасында 2-орынға тұрақтады. Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша Ержан Грузия, Польша, Украина мен Нидерланд сияқты елдерден жоғары балл жинап, көш бастады.
Данэлия Тулешова
Данэлия Тулешова – қазақстандық әнші. Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында жеңіске жетті. Данэлия Тулешова Украинаның «Голос. Діти» шоуының (төртінші маусымының) жеңімпазы болды, «Балалардың жаңа толқыны-2015» байқауында көрермендер көзайымы сыйлығын иеленді. Сондай-ақ «BraVo» премиясының ең жас лауреаты атанды.
Ұлттық іріктеуде жеңіске жеткен Данэлия «Өзіңе сен» әнімен 2018 жылғы балалар байқауында Қазақстанды таныстырды. Ол 171 балл жинап, 20 қатысушы ел арасында 6-орынға ие болды. Сонымен қатар онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша 3-орында болды, онда Данэлияға Ресей, Әзербайжан, Македония, Беларусь және Грузия елдері ең көп дауыс берген болатын.
«Stone Cold» әнін орындағаннан кейін ерекше танымалдылыққа ие болды. Бұл видео YouTube желісінде 50 млн-нан астам қаралым жинады.

Польша 2020
Junior Eurovision Song Contest — жыл сайын ұйымдастырылатын балаларға арналған дәстүрлі телевизиялық ән байқауы. Оған Еуропалық хабар тарату Одағына мүше елдердің өкілдері қатысады. Балаларға арналған бұл байқау Eurovision Song Contest конкурсына ұқсас. Атауларының бір-біріне үйлесімді болғандығы сондықтан.
«Junior Eurovision» байқауы 2020 жылы Польшаның астанасы Варшавада өтеді. Оған қатысушы ел ретінде 13 мемлекет бекітілген: Беларусь, Нидерланды, Германия, Польша, Грузия, Ирландия, Испания, Сербия, Италия, Қазақстан, Ресей, Франция және Украина.
2020 жылдың 29 қарашасында байқауды Еуропа елдері, Армения, Әзербайжан, Грузия, Израиль, Кипр, Аустралия, Ресей және Қазақстан тікелей эфирде көрсетеді.
Халықаралық байқаудың ресми сайты – junioreurovision.tv.
Байқау тарихы бойынша қысқаша дерек
Жылы | Өткен жері | Жеңімпаз мемлекет | Әртіс және әні |
2019 | Гливице Польша |
Польша | Виктория Габор We Are More |
2018 | Минск Беларусь |
Польша | Роксана Вегель Anyone I Want To Be |
2017 | Тбилиси Грузия |
Ресей | Полина Богусевич Крылья |
2016 | Валлетта Мальта |
Грузия | Мариам Мамадашвили Mzeo (Солнце) |
2015 | София Болгария |
Мальта | Дестини Чукуньере Not My Soul |
2014 | Марса Мальта |
Италия | Винченцо Кантьелло Tu primo grande amore |
2013 | Киев Украина |
Мальта | Гайя Кауки The Start |
2012 | Амстердам Нидерланд |
Украина | Анастасия Петрик Небо |
2011 | Ереван Армения |
Грузия | Candy Candy Music |
2010 | Минск Беларусь |
Армения | Владимир Арзуманян Mama |
2009 | Киев Украина |
Нидерланд | Ральф Макенбах Click Clack |
2008 | Лимасол Кипр |
Грузия | Bzikebi Bzzzz… |
2007 | Роттердам Нидерланд |
Беларусь | Алексей Жигалкович С друзьями |
2006 | Бухарест Румыния |
Ресей | Сёстры Толмачёвы Весенний джаз |
2005 | Хасселт Бельгия |
Беларусь | Ксения Ситник Мы вместе |
2004 | Лиллехаммер Норвегия |
Испания | Мария Исабель Antes muerta que sencilla |
2003 | Копенгаген Дания |
Хорватия | Дино Елушич Ti Si Moja Prva Ljubav |